Жаңалықтар тізбегі
0

БАӘ Премьер-министрінің орынбасары қазақстандықтарға көңіл айтты

Көңіл айту, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 19:47 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Primeminister.kz мәліметінше, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Мансур бен Заид әл Нахаян қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтып, барша Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға әзір екендіктерін білдірді.  2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР мен БАӘ арасындағы өзара сауда көлемі 673,7 млн долларды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен шамамен 50%-ға артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден едәуір асып түсті.

Қазақстанда әмірліктер капиталының қатысуымен 300-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР экономикасына тікелей инвестиция көлемі 2,4 млрд долларды құрады, ҚР-ның БАӘ-ға салған инвестиция көлемі 1 млрд доллардан асты.

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов БАӘ ҚР-ның араб әлеміндегі маңызды сауда-экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Биыл Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: