Жаңалықтар тізбегі
0

Александр Герлиц қысқы Паралимпиада ойындарында үздік бестікке енді

Александр Герлиц, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 12:53 Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
2022 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық Александр Герлиц төртжылдықтың негізгі старттарында бақ сынауды жалғастырып жатыр деп хабарлайды Zakon.kz.

Биатлоннан 10 шақырымдық жарыста қола жүлдені жеңіп алғаннан кейін Александр Горлиц (LW6 класы, тұрып) шаңғы жарысына шықты.

Іріктеу және жартылай финал елегінен өткен қазақстандық ойыншы жүлде берілетін негізгі финалға шықты.

Спринтте жүру кезінде кейбір жағдайлар күтеген жерден болады. Алғашында Александр үздік үштікте болып тұрған еді. Бірақ жарыс барысында өрмелеудің бірінде ол көшбасшылардан сәл қалып қойды.

Нәтижесінде Герлиц бесінші орынға ие болды. Ол спринттік қашықтықты 3 минут 13,0 секундта жүріп өтіп, жеңімпаз – француз Бенджамин Давьерден (LW2 класы, тұрып) 5,5 секундқа қалып қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы No1435 қаулысына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар медаль үшін ғана емес, сонымен қатар үздік алтылыққа енгені үшін мемлекеттен сыйлықақы алады.

Осылайша Александр Герлиц тек қола жүлде (75 мың доллар) үшін емес, 5-орын (10 мың доллар) үшін де марапат алуы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: