Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Нұртастың отбасында той

 Заңғар Нұртас, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 16:46 Сурет: instagram/zangaar
Қайрат Нұртастың інісі Заңғар жақында қалыңдығына сөз салды. Ұсыныс жасау видеосын желіге Заңғар Нұртастың қызы жариялаған. Қалыңдықтың айтуынша, ұсыныс тура 1-курс оқып жүргенде өздері армандағандай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңғар Нұртас қалыңдығына тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасау үшін дайындалған. Ол жақын достарын жинап, үлкен гүл алып, Нұр-Сұлтанда қар жауып тұрған кеште қызына сөз салды. «Жібек, менің шексіздігім болшы» деген жазуды Заңғар Нұртас ғимарат үстінен шығатындай етіп тапсырыс берген.

Қонақүй төбесінде «Жібек, менің шексіздігім болшы» деген жазу болды. Бәрі университеттің бірінші курсында келіскеніміздей ұйымдастырылған. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін біз ұзақ жол жүрдік. Енді міне, 9 жылдан кейін мен сенімді түрде саған «иә» деп айта аламын.Заңғардың қалыңдығы Жібек Қайратқызы

Сонымен қатар қалыңдық Жібек Қайратқызы кейінгі жылдары Заңғармен бір айырылысып, бір қосылып, көп адамның есін шығарғанын да жасырмады.

Бастысы өз жүрегіңізді тыңдаңыз. Қалғаны аса маңызды емес. Барлығына бақыт тілеймін, – деп жазды Жібек Қайратқызы

Ал Заңғар Нұртас қалыңдығына құда түсуге келген видеосын жариялады.

Біз келдік. Үлкен жауапкершілік талап ететін маңызды өмірге қадам бастық. Қолдауларыңызға рақмет, – деп жазды Заңғар Нұртас.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: