Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда газ бағасының спекулясына жол бермес үшін қандай шаралар қабылдануда

Баға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 20:49 Сурет: gov.kz
ҚР Энергетика министрлігі Қазақстандағы сұйытылған мұнай газы нарығындағы ахуал туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қосымша шаралар ретінде, оның ішінде ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, бағалардың алыпсатарлық ауытқуына жол бермеу үшін мынадай шаралар пысықталуда:

  • өндіруші зауыттардың сұйытылған мұнай газына шекті көтерме бағаларды белгіленген бөлшек сауда бағаларына сүйене отырып анықтау әдістемесін әзірлеу, бұл түсімді зауыттар мен сатушылар арасында әділ бөлуге мүмкіндік береді.

  • жұмыс істеп тұрған Қазақ газ өңдеу зауытының орнына Маңғыстау облысында жаңа газ өңдеу зауытын жобалауға және салуға EPC-келісімшарт жасасу жоспарлануда.

Сұйытылған мұнай газын өндіру 2021 жылы 3,17 млн тоннаны құрағаны, ал 2022 жылға арналған жоспар – 3,2 млн тонна екендігі айтылды.

Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын негізгі тұтынудың 60% - дан астамы автокөлікке тиесілі.

2019 жылдан бастап сұйытылған газға ауыстырылған автокөлік саны 2021 жылға қарай 2,2 есеге өсіп, 310 мыңнан астам бірлікке жетті.

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылғы 5 қаңтардан бастап елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін сұйытылған газ нарығы бойынша мынадай шұғыл шаралар қабылданды:

  • өңірдің қашықтығына байланысты сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы 1 литріне 50-ден 75 теңгеге дейінгі дәлізде белгіленді;

  • сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы 38,7-ден 28 мың теңгеге дейін төмендетілді;

  • 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Сауда-саттық қағидалары тоқтатыла тұрады, оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс сататын болады;

  • өнімді беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу жөніндегі бұйрық бекітілді, оған сәйкес республика аумағында көтерме және бөлшек саудада өткізу құқығы бар субъектілердің тізбесі кеңейтілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: