Жаңалықтар тізбегі
0

Иманбек әлемді аралап, турне өткізбек

Диджей Иманбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 10:23 Сурет: Instagram/imanbekmusic
Қазақстандық диджей, Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов «RAHMET WORLD TOUR» деп аталатын әлемдік турнесі басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Рахмет туры туралы хабарлама ақыры жарияланды. Басқа да даталардан хабардар болу үшін бізбен бірге болыңыз, – деп жазды Иманбек Instagram-дағы парақшасында.

Грэмми сыйлығы иегерінің концерттері Еуропа мен АҚШ қалаларында өтеді. Әлемдік тур 8 сәуірде басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

Иманбектің концерті ең бірінші Нью-Йоркте өтеді. Одан кейін Флорида, Бразилия, Норвегия, Италия, Венгрия, Германияда концерттер болады.

Желі қолданушылары Иманбекті қолдап, таңданысын, қуанышын жасырмады.

  • Ақшаны қырайын деп тұрсың ғой, Има!

  • Братан, мені алып кетші!

  • Өзің барасың ба әлде тағы да маскадағы біреу бола ма?

  • Қазақстан, алға!

  • Қазақстанда қашан болады?

Еске сала кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында диджей Халық артисі Роза Рымбаевамен бірігіп «Наурыз-Думан» әніне ремикс жазған еді. Тректі әншілер Наурыз мейрамында тыңдарманға тарту етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: