Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полициясы қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге үндеу жолдады

Алматы трагедиясы, қаңтар бүлігі, қаңтар оқиғасы, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 18:23 Сурет: Zakon.kz
Жедел-тергеу тобы Алматыда осы жылдың қаңтар айының басында болған оқиға фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу анықтағандай, қылмыстық топ 5-6 қаңтарда Алматы қаласының көшелерінде азаматтарды ұрып-соғып, еркінен тыс «Қазақстан» ғимаратында орналасқан Ball Room мейрамханасының, сондай-ақ Esentai Tower бизнес орталығының автотұрағында ұстаған. Кейін ұсталғандардың бірі алған жарақаттарынан көз жұмды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілі зардап шеккендердің көпшілігінің аты-жөні анықталғанын, тергеу амалдары жүргізілгенін мәлімдеді.

Алайда болған оқиғалардың толық көрінісін анықтау үшін куәлар мен жәбірленушілердің айғақтары қажет. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Осы қылмыстық әрекеттерден зардап шеккендердің барлығын, сондай-ақ осы оқиғалардың куәгерлерін Алматы қалалық полиция департаменті Алматы қаласы прокуратурасының мына мекенжайдағы ғимаратына келуін сұрайды: Желтоқсан көшесі, 189. Байланыс телефондары: +7 775 888 03 65; +7 775 644 95 96.

Ақпан айының соңында әлеуметтік желіде Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) ұқсайтын ер адам бейнеленген видео пайда болды. Қонақ үй фойесінде түсірілген видеода белгісіз ер адамның соққыға жығылғаны көрсетілген. Болжам бойынша, кадрлар қаңтардағы бүлік кезінде түсірілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: