Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Германияда өткен концертінен видео бөлісті

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 10:25 Сурет: Dimashnews.com
Осы көктемде Димаш Құдайбергеннің бірнеше елде жеке концерті жоспарланған. 9 сәуірде әнші Дюссельдорфта алғашқы жеке ән кешін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Dimashnews.com сайтының хабарлауынша, Димаш ән кешінде пандемияға дейін басталған «ARNAU» турының жаңартылған бағдарламасын ұсынды. Димаштың Еуропадағы көптен күткен жеке концертінде қазақстандық артистің үлкен шоуын көру үшін Еуразия, Америка, Африка, Австралия елдерінен, әлемнің жақын және алыс аймақтарынан көрермен жиналды.

Германиядағы концертімнен үзінділер. Чехияда көріскенше #dears, – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.

Димаштың концерттік бағдарламаларында артист орындайтын композициялардың көптілділігі ерекше қызығушылық тудырады. Сахнадан көпшілікке таныс ағылшын тіліндегі композициялар шырқалып, көрермен шоудың басынан бастап «Golden» және «Fly away» әндерін сүйсіне шырқады.

Димаштың итальян тілінде керемет «Olimpico» және француз тілінде әйгілі «S. O. S» орындауы тыңдаушыларды тамсандырды. Қытай тілінде Димаш «Autumn Strong», «Battle of memory» және «War and Peace» әндерін шырқады.

Әрине, концерттің көп бөлігінде әншінің өз ана тіліндегі әндері болды. Күрделі де әдемі қазақ тілі тағы да түрлі халықтарды біріктірудің құралы болды.

Әндерді жатқа білетін жанкүйерлер Димашпен бірге халықаралық әндерді қуана-қуана шырқады. «Unforgettable day», «Mahhabat ber Magan» және «Daididau» Dears хорлары әртісті жіберместен бірнеше рет қайталанды.

Концерттің атмосферасы еліктіргіш, достық қарым-қатынаста болды. Әр әнді көрермен үлкен ықыласпен қабылдад. Әндердің арасындағы үзілістерде Димаш залмен түрлі тілдерде сөйлесті, қалжыңдасып үлгерді.

Әртістің көпұлтты командасы-техникалық топ, музыканттар, бишілер, барлығы барынша күш салып, кешті үлкен мерекеге айналдырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: