Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтардағы бүлікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысты – ҚР Бас прокуратурасы

Қаңтар бүлігі, қайғылы қаңтар, Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2022 16:01 Сурет: Zakon.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасын тергеудегі тың деректерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздікке он екі ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқанын анықтады. Олардың ішінде ең белсенділер Жұмагелдиев (Дикий Арман), «Қазақстандықтар» және «Айшуақ – Жантүгел» топтары болды.Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов

Бас прокуратура өкілі ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынғанын атап өтті. Оның ішінде қылмыс әлемінің төрт беделді адамы бар.

Бүгінгі күні жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылып, олардың 269-ы қамауда. Алматы қаласында осы жылғы 25 наурызда Ш есімді азамат қамауға алынды. Ол қайғылы қаңтар кезінде «АННА» қару дүкенінен винтовка жымқырып, әуежайға, полиция департаментіне және Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция басқармасына шабуыл жасады. Құқық қорғау органдары Н есімді азаматты анықтады. Ол 5 қаңтарда топпен «ҚазАэроНавигация» ғимаратын басып алды және Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарығын өшірді.Елдос Қилымжанов

Сондай-ақ ол осы жылғы 4 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің алдында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының 10 тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді.

Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздікті қаржыландыру және 5 қаңтарда қала әкімдігі мен полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматураны, тастарды және Молотов коктейльдерін жеткізу, ұйымдастыру күдігі бойынша С есімді азамат ұсталды. Сондай-ақ Қымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы анықталды. Бейне жазбалар арқылы 12 арандатушы анықталды. Жамбыл облысында 18 – 31 наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және 140 белсенді қатысушы анықталды. Бұл өңірдің ұйымдасқан қылмыстық топтың 2 лидері қамауға алынды. Елдос Қилымжанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: