Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысынан 200 келі есірткі алып шықпақ болғандар тұтылды

Ірі арна, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2022 23:48 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында есірткі жеткізетін ірі арнаның көзі жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуірде полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының 532 шақырымында Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының маңында Түркістан облысының 36 жастағы тұрғынының басқаруындағы BMW Х5 автокөлігін тоқтатты. Ер адам көлігін тастап, жаяу қашпақ болған, алайда бірден ұсталды.

Тексеру барысында оның көлігінің жүк салғышынан жалпы салмағы 200 келі кептірілген марихуана есірткі заты салынған сегіз қап табылды. Күдіктінің айтуынша, ол есірткіні өткен жылдың тамыз айында Шу ауданының аумағында дайындаған, делінген хабарламада.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бапқа сәйкес оның мүлкін тәркілей отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін басқа да тұлғаларды анықтау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: