«Атырау мұнай өңдеу зауытына» қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, сот, мұнай, монополия, баға Сурет: anpz.kz
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметін тексеру шеңберінде 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгіленгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат ҚР Бәсекелстікті қорғау және дамыту агенттігінің сайтында жарияланды.

Монополияға қарсы департаменттің қорытындысы іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысының прокуратурасына жіберілді.ҚР Бәсекелстікті қорғау және дамыту агенттігі

Ведомствоның хабарлауынша, өңірлік прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы «Монополистік қызмет» бойынша «АМӨЗ» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іс 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз