Жаңалықтар тізбегі
0

«Қоршауды бұзып, адам қағып кетті»: Алматы полициясы жүргізушіні іздеп жатыр

Алматы, оқыс оқиға, көлік жүргізушісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2022 16:41 Сурет: Zakon.kz
Алматы аулаларының бірінде шетелдік көлік жүргізушісі қоршауды бұзып, ер адамды қағып, оны капотта бірнеше метрге дейін сүйреп, құлатып кетті. Бұл оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның бейнежазбасы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған еді.

Куәгерлердің жазуынша, оқиға түнгі сағат 1:00-де Сәтпаев көшесіндегі 29а мекенжейында болған.

Көлік ауладан шыға алмады... Көршісі киініп, оны шығаруға келгенше жас жігіт қоршауды бұзып (түбімен қиратып), бір адамды қағып (копотта қалған оны біраз жерге дейін сүйреп, лақтырып кетті). Ер адамның қабырғасы зақымданды, денесі сырылды, джинсиі жыртылды! Көлік көзден таса болды. Нөмірін шешіп тастады (алдыңғы нөмірі шетелдікі, артқы нөмірі қазақстандық). Учаскелік полиция қызметкеріне жүгінгеннен түк шықпады: қоңырау шалмады, келмеді, тексерген де, іздеген де жоқ! – деп жазды видео авторы.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық полиция департаментіне хабарласты.

Ер адамды көлік қаққаны тіркелді. Зардап шегушінің айтуынша, қуыстан ақ түсті көлік (шетелдік көлік) шыққан. Қазір бейнежазбаның көмегімен көлік иесін анықтап жатырмыз. Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: