Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 1 мамыр күні қарсаңында өтетін шаралар тізімі жарияланды

1 мамыр, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Алматы, іс-шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 13:56 Сурет: Zakon.kz
25 сәуір мен 1 мамыр аралығында қала тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ге жуық түрлі мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 мамырға арналған іс-шаралар тізбесі:

  • Абай алаңында «Достық туралы ән» музыка фестивалі өтеді. Концертте белгілі орындаушылар, соның ішінде Айқын Төлепберген, Ғазизхан Шекербек, Кәмшат Жолдыбаева, 2rar, Нұрмұхамед Жақып, Мәди Рымбаев, AYREE, А.Z, Ziruza, C.C.TAY, AlZaBi, КешYou өнер көрсетеді;

  • хайуанаттар паркінде цирк маусымының ашылуына орай «Қазақ мемлекеттік циркінің» көшпелі шоу-бағдарламасы;

  • Әл-Фараби даңғылы/ Қозыбаев көшесі бойында веложарыс ресми түрде веломаусымның басталуын атап өтеді;

  • Алатау ауданындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Бірлігіне берік ел» концерті;

  • М. Ганди атындағы саябақта Алмалы ауданының балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық бағдарламасы болады;

  • Әуезов ауданындағы «Сарыарқа» скверіндегі «Family parkте» мерекелік концерт;

  • Бостандық ауданындағы «Мега Алматы» СОСО іс-шарасы;

  • Жетісу ауданында «Гүлдер» саябағында мерекелік бағдарлама;

  • Медеу ауданында – «Ғылым ордасы» алаңында және Ш. Уәлиханов атындағы саябақта.

  • Наурызбай ауданында аудан әкімдігі ғимаратының жанында концерт;

  • Түрксіб ауданында – «Март» СОСО жанында.

Сонымен қатар, 25-29 сәуір аралығында қала мектептерінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған сынып сағаттары, қаланың барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінде 1 мамырға арналған іс-шаралар және т. б. өтеді.

29 сәуір:

  • И. А. Крылов атындағы кітапханада Еуразиялық аграрлық колледжінде «Барлық халықтарға ортақ мейрам» квест және «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» фестивалі өтеді;

  • Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның Н. Тілендиев атындағы камералық залда мерекелік концерт жоспарланған;

  • «Гүлдер» саябағында этномәдени бірлестіктер арасында жарыс өтеді;

30 сәуір:

  • сағат 10:00-де Наурызбай ауданындағы Нұрмұхамедов көшесінде «Бірлігіміз жарасқан!» ақциясы бойынша ағаш көшеттері отырғызылады;

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: