Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда Хиуаз Доспанованың құрметіне ақындар мүшәйрасы өтті

Мәдени шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 19:41 Сурет: Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Атырауда Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға өңірдің 15 жас ақыны қатысты, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мүшайра, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 19:41

Сурет: Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мүшәйра екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде батырдың кемеңгерлік тұлғасын насихаттайтын, бұрын-соңды жарияланбаған шығармасы ұсынылды. Ал, екінші кезеңнің талабы бойынша, ақындар ел бірлігі мен татулықты арқау ететін еркін тақырыптағы өлең шумақтарын аз ғана уақыттың ішінде дайындап берді.

Байқауға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев, Қазақстанның Құрметті журналисті, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Жаңабаев, Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі, журналист Тұрсын Қалимова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, ақын Бақытгүл Бабаш қазылық етті.

Мүшайра, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 19:41

Сурет: Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сайыс болған жерде оза шабатындар да, қалыс қалатындар да болады. Өлең жазу барысында ең алдымен ұйқасқа, одан соң мазмұнына мән берілу керек. Оған қоса қойылған талаптарды бұлжытпай орындау – негізгі шарт. Бүгінгі сайысқа қатысқан барлық ақындар осы қағиданы орындауға тырысты. Десек те, әлі дайындықты қажет ететін, шығармашылық ізденіс керек ақындар да бар. Қойшығұл Жылқышиев

Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 19:41

Сурет: Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ал, өз кезеңінде сөз алған Бақытгүл Бабаш жас ақындарға өз ақылын айтып, бағыт-бағдар берді.Сайыс қорытындысымен жылыойлық Диана Ізбасарова мен Нұрлыбек Амандықов, исатайлық Еркебұлан Зинеденов, қызылқоғалық Нұрдәулет Жылқышы үшінші орынды иеленсе, махамбеттік Әзілхан Құранбай мен атыраулық Иманғали Бөгетбай жүлделі екінші орынды алды. Ал, құрманғазылық Ақтілек Абаева бірінші орынды, атыраулық Фариза Жетпісбаева бас жүлдені иеленді.

Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 19:41

Сурет: Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: