Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Оразалин тағайындалды

Алматы қаласы, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 15:40 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігі мен Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Еркебұлан Оразалин Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының жаңа әкімін таныстыру барысында Оразалиннің басшылығымен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматыда ШОБ субъектілерін қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарғанын атап өтті.

Жалпы, зардап шеккен кәсіпкерлердің 97 пайызы қызметін қалпына келтірген. 20 мамырдағы жағдай бойынша 14 082 240 817 теңгеге 1 568 өтінім мақұлданды.

Осындай қиын-қыстау кезеңде Еркебұлан Оразалин өзін жауапты да білікті маман ретінде танытып, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлік қасиеттерін көрсетті. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Еркебұлан Оразалин еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Ақпараттық-талдау орталығының ақпарат және коммуникация бөлімінің сарапшысы болып бастады.

  • 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында сарапшы болып жұмыс істеді.

  • 2010-2012 жылдары – Алматы қаласының өңірлік даму әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялық департаментінің директоры.

  • 2012-2016 жылдары Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.

  • 2016-2019 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік етті.

  • 2019 жылдан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: