Тоқаев форумдағыларға: Шектен тыс инфляциямен күрес – біздің ортақ міндетіміз

Санкт-Петербургтегі форум Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету ішкі тұрақтылықты сақтаудың бірінші кезектегі міндеті және факторы болып қала береді. Сенімді азық-түлік жүйесін құру үшін инновациялық шешімдер мен озық технологияларды енгізу, азық-түлік шығындарын азайту маңызды. Қазақстан Президенті

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін ұйымға мүше барлық мемлекеттердің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, ЕАЭО-ны қоса алғанда, ұлттық деңгейлерде де, өңірлік бірлестіктер шеңберінде де әзірлеуге болар еді.

Өзара келісіп атқарылған жұмыс болмаса, осындай өте маңызды салада алға қойылған мақсаттарға жету қиын.

Басқаша айтқанда, шектен тыс инфляциямен, азық-түлік тапшылығымен күрес - біздің ортақ міндетіміз. Қазір және таяу болашақта біз үшін бұдан өткен актуальды мақсат жоқ, өйткені ол біздің азаматтарымыздың әл-ауқатына тікелей қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы қолдағы бар әлеует нарықты қажетті азық-түлік тауарларымен тұрақты және толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз