Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: 2025 жылға дейін жолдардың кемінде 95%-ын жақсартуды үкімет түбегейлі шешуге тиіс

жол жөндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 11:35 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің транзиттік қуатын арттыру туралы айтты. Оның сөзінше, Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Сонымен қатар "Қазақстан теміржолы" компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады.

Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр. Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді. Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. "Қазақстан теміржолы" компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент үкіметке жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бергенін еске салды.

Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Президент

Мемлекет басшысы битум тапшы екенін де қоса кетті. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс деді Тоқаев. Ол жанармай мен қант мәселесін де сынға алды.

Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс. Жалпы ашығын айтуымыз керек, үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: