27 қыркүйектегі саудада доллар қымбаттады

Доллар, рубль, юань, еуро Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,46 теңгеге көтеріліп, 478,90 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы сәл төмендеп, 8,22 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 67,83 теңге (+0,21) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 460,38 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 480-484 теңгеге, еуро 457-465 теңгеге, рубль 7,35-7,65 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.

27 қыркүйектегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 0,93%-ға қымбаттап, барреліне 84,84 доллар болды.

Қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,06%-ға өсіп, барреліне 77,52 доллар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз