Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін ХҚДБ-дан 345,7 миллион еуро қарыз алады

Халықаралық қайта құру және даму банкі, ҚР парламенті мәжілісі Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаттары "ҚР мен ХҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жекеше секторға және экономиканы неғұрлым орнықты қалпына келтіруге негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қыркүйекте мәжілістің жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайыновтың мәлімдеуінше, қарыз қаражаты осы келісім аясында республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі шаралар шеңберінде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға бағытталған шаралар кешенін қолдау үшін алынады.

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің несиесі Қазақстанға 345,7 миллион еуро сомасында 11,5 жыл өтеу мерзімімен, оның ішінде 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен беріледі. Марат Құсайынов

Депутат комитет жоба бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз