Оралда ресейліктерді шекарадан заңсыз тасыған такси жүргізушілері жазаланып жатыр

Такси қызметі Сурет: pixabay
Мемлекеттік органдардың мәліметінше, 10 күн ішінде шекараның арғы жағынан Батыс Қазақстан облысына Ресей Федерациясының 50 мың азаматы келіп жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оралда ресейліктерді шекарадан заңсыз тасыған такси жүргізушілері жазаланады. Иммигранттарға пәтерін заңсыз жалға бергендерге де сот пен айыппұл түріндегі қауіп төніп тұр. Бұл туралы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қадағалаушы құзіретті органдардың өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Материалдар сотқа жолданып үлгерген.

Шамамен 70-ке жуық оралдық әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады, бұл - шамамен 45 мың теңге. Салық төлемегендер арнайы рейд кезінде анықталды. Шетелдіктердің көптеп келуіне байланысты Орал қаласында пәтерді жалға беру бағасы да екі есе өсті. Сондай-ақ такси ақысы да шарықтап шыға келген.

Бізге адамдар пәтерін туыстарына тегін жалға бердік деп көрсетеді. Қазір жергілікті полиция, көші-қон полициясы, учаскелік полициямен бірлесіп жұмыс істеудеміз. Бұл жұмысқа пәтер иелері кооперативтерін, жеке мүлік бірлестіктерін де тартамыз. Олар бізге нақты ақпарат береді, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков

Қазір өткізу пункттеріндегі жағдай тұрақталды, адамдардың ағылуы саябырсыды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз