Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда мұнай қалдықтарын төккен компанияға 56 млн теңге айыппұл салынды

 Маңғыстау, Жетібай, мұнай, мұнай қалдығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 09:55 Сурет: pixabay
Жеке компания Экологиялық кодекстің төрт бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетібай тұрғындары көтерген мәселе бұған дейін эфирден көрсетілген еді. Олардың айтуынша, өндірістен шыққан қалдықтар елді мекенге жақын аумаққа тасталады. Онымен қоймай, жаз бойы өртейді, деп мәлімдеді "Хабар 24".

Нәтижесінде табиғатқа зиян келтірген бірнеше кәсіпорынды облыстық экология департаменті әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Ауылда мұнай қалдықтары бар орындар жиі кездеседі. Бұрын бұл ауданда бірнеше кәсіпорын болған. Иелері үнемі ауысып отырды.

Соның кесірінен жер қоқыс төгілетін орынға айналды, бұл дегеніміз – 10 мың тоннаға жуық өңделген мұнай. Мұнай қалдығының салдарын қазір жергілікті тұрғындар көріп отыр.

Ұйқыдан тұрмай қалатын адам жетіп артылады. Қан қысымы дейді де, арулап шығарып саламыз. Негізінде бәрі экологиядан. Әкеліп, осы жерге төгеді. Білгенін істейді. Ағзам Жұмсақов, ауыл тұрғыны

Экология департаменті Қарақия ауданы тұрғындарының арызы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Топырақтан сынама алып, мұнай төгілуінен қоршаған ортаға зақым келгенін растады. Жеке компания заңның 4-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Жетібай ауылы тұрғындарының шағымына сәйкес прокуратура органымен бірлескен тексеру жасалды. Бұл жұмыстар Экология министрінің бақылауында болды. Нәтижесінде, қолданыстағы заң талаптарын өрескел бұзған "Void" серіктестігі 56 млн 359 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мақсат Айсин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: