Жаңалықтар тізбегі
0

Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Салтанат Тұрсынбекова, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2022 17:56 Сурет: Facebook/saltanat.tursynbekova
ҚР Орталық сайлау комиссиясына Салтанат Тұрсынбекованы алдағы кезектен тыс сайлауда Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы құжаттар келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанат Тұрсынбекова – құқық қорғаушы және ол Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдардың қабылдануын жақтайды.

Орталық сайлау комиссиясына "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмені, депутаттыққа кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін тапсырды. Сонымен қатар өмірбаяны, Қазақстан Республикасы ОСК шотына сайлау жарнасының төленгенін куәландыратын құжаты, өтініш берушінің жеке басын және оның жоғары білімін растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады.

Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықтарды, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап келеді. Ол - Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сайлауалды бағдарламасында ол Қазақстандағы экономиканы, өнеркәсіпті, халықаралық қатынастарды, әлеуметтік саланы дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сонымен бірге зорлық-зомбылықпен күрес және құқық бұзушылықтың санын азайтуды көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде бүгін ұсынылған еді.

Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: