Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның жаңа облыстарына кадастрлық нөмірлерге кодтар берілді

Қлытау облысы, Жетісу облысы, Абай облысы, кадастрлік нөмір коды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 14:56 Сурет: gov.kz
Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 17 қазандағы бұйрығымен жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру мақсатында облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға берілетін кодтардың тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тізімге жаңа облыстардың кодтары қосылды.

Абай облысына 23, Жетісу облысына 24, Ұлытау облысына 25 деген нөмір берілді.

Тізімде 289 кадастрлық код бар.

Бұйрық 2022 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Қазақстанда 2022 жылғы 8 маусымда мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы" жарлығы күшіне енді.

Құжатқа сәйкес үш жаңа облыс құрылды:

  • Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы;

  • Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы;

  • Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылсын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: