Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс әйелдерге 61 жастан зейнетке шығуға рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады

Зейнет жасы, зейнетақы, жастар, ҚР Парламенті мәжілісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 13:30 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәжіліс депутаттары мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасына әйелдердің 61 жастан зейнетке шығу құқығын бекітетін норманы қамтитын түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, заң жобасында ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70%-ға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қарастырылған.

Сондай-ақ әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіп беру, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенгенге дейін ұлғайту көзделген.ҚР Парламенті мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті

Бұдан бөлек, заң жобасында ең төмен жалақының өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер мөлшерін азайтуды болдырмау мақсатында еңбекке қабілеттілігінен айырылған, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемнен шегерім мөлшерін ең төмен жалақы мөлшерінен 55-тен 50 пайызға дейін азайту қарастырлған.

Заң жобасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылатын кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монеталандыру бойынша нормалар толықтырылды. Бұл ретте кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну, оның құнын өтеу тәртібін, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының жұмыс істеу мәселелерін реттейтін ережелерді алып тастай отырып, АӘК-ті тағайындау кезеңінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әрбір балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгілеу көзделеді.

Бұған қоса, депутаттар еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайтуға бағытталған түзетулер енгізді. Заң жобасы шеңберінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімін 2023 жылдан 2024 жылға ауыстыру жөніндегі нормалар көзделген. Бұл ретте осы жарналардың кезеңдік мөлшерлемесін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5%-дан 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға дейін белгілеу қарастырылды.

Сонымен қатар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР-ның Салық кодексінде көзделген микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері үшін бірыңғай төлемді төлеу жөніндегі нормаларды енгізу бөлігінде түзетулер топтамасы әзірленді.

Сонымен қатар заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар мына бағытта түзетулер енгізді:

  • жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыратын, оптимизмді, болашаққа деген сенім сезімін нығайта түсетін және халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін "жастар" ұғымының жас аралығын 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту;

  • "жастарға әлеуметтік қызмет көрсету" және "уақытша тұрақсыз жастар" ұғымдарын нақтылау, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіру;

  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескере отырып, жастарды жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдарға жаңа құзыреттер беру.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: