Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде жылы жаққа ұшып бара жатқан қоқиқаз балапандарының видеосы жарияланды

Азамат Сәрсенбаев, қызғылт қоқиқаз, Түрікменстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 10:37 Сурет: pixabay
Маңғыстаулық белсенді Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында көл бетінде ұшып бара жатқан қоқиқаз балапандарының видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қоқиқаздың соңғы балапандары" деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Блогер негізгі топтан қалып қойған балапандар суық түскенге дейін Түрікменстанға аман-есен жетіп алса екен деген тілегін де жазыпты.

Оның пікірінше, бұл Маңғыстау аумағындағы биылғы соңғы қоқиқаздар болуы әбден мүмкін.

Құстардың келесі миграциясы көктемде болады, деп ойын түйіндепті блогер Азамат Сәрсенбаев.
  • "Бізге осындай әдемілікті көруге себепкер болғаныңа мың алғыс!"

  • "Қандай әдемі көрініс!", деп пікір жазыпты блогердің оқырмандары

Ғалымдардың айтуынша, Каспий жағалауындағы құстарды Түрікменстанның климаты пен қорегі қызықтырады.

Маңғыстау облысына құстар әдетте сәуір айында оралады.

Қазақстандағы қызғылт қоқиқаз Қызыл кітапқа енгізілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: