Жаңалықтар тізбегі
0

"Жасыл желек – жердің көркі". Таразда экологиялық жоба аясында 600 түп тал отырғызылды

Қаланы көгалдандыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2022 14:16 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Таразда "Біз біргеміз" монументі маңындағы саябаққа "Жасыл желек – жердің көркі" экологиялық жобасы аясында тал отырғызылды. Жергілікті билік қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмысы үнемі күн тәртібіндегі мәселе екенін баса атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаладағы 14 мөлтек ауданның айналасын көгалдандыру, абаттандыру жоспары бойынша 600 түп ағаш егілді. Оның ішінде көп жылдық қайың, акация, сән ағашы, шаған және шынар, шырша талдары бар.

Бұл талдардың барлығы Тараздың климатына бейім ағаштар.

Экологиялық шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2022 14:16

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Экологиялық іс-шараға қалалық әкімдіктің бөлім басшылары мен қызметкерлері, "Жасыл ел Тараз" мекемесінің қызметкерлері ат салысты.

Сонымен қатар ағаш егу жұмыстарына арналған техникалар да тиісті жұмыстар атқарды.

Ағаш отырғызу шарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2022 14:16

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетерлігі, ағаш отырғызу алдында көшеттерді суару мәселесі шешілген. Бұл аумақта 2 су құдығы мен сорғылар орнатылды. Тамшылатып суару жүйесі ішінара жүргізілді.

Көшені абаттандыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2022 14:16

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдағы уақытта осы аймаққа жоба аясында жеміс ағаштарын отырғызу жоспарланған.

Қаланы көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары ары қарай да жалғасын табады.

Ағаш отырғызу шарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2022 14:16

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: