Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жоғары сұранысқа ие махаббат жайлы кітаптың төңірегінде шу шықты

Бір жыныстылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 20:05 Сурет: pixabay
Астанада дүкенде сатылып, жоғары сұранысқа ие болған кітапты қалың қауым әлеуметтік желіде де қызу талқылап жатыр. Көптің назарын аударған бұл мәселеге депутаттар да пікір білдіріп, алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біз елордадағы кітап сататын дүкендердің біріне бардық. Менің қолымда - "Махаббат жайлы дастан" атты кітап. Бірақ бұл сіз бен бізді қызықтыратын қыз бен жігіттің махаббаты туралы емес. Басқаша... Онда бір жыныстылардың сезімі баяндалған. Сатушылардың айтуынша, есті тандыратын махаббат хикаясы ыстық бауырсақ сияқты тез сатылып кететін көрінеді. Оны алатындардың дені жасөспірімдер екен. Бұл мәселе әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр. Қоғам белсенділері бұған тыйым болуы керек деп дабыл қағады. Ал халық пікірі әр алуан, - дейді Астана телеарнасының тілшісі

Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепбергеннің сөзінше, бұл - дәстүрімізге жат дүние, осының бәрі кітапты сатып отырған дүкен иелерінің жауапсыздығы.

Бұл - біздің дәстүрімізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат дүние. Бір жыныстылардың бір-бірімен жақын болуы деген кітаптарды насихаттау деген бұл өте дұрыс емес. Бұл біздің дәстүрімізге де келмейді, біздің заңымызға да қайшы. Сондықтан, сатылымға шығарып отырған сатушылар олардың ар-ұяты алдындағы жауапкершілігіне беру керек. Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген

Бір жыныстылықты насихаттайтын шығармаларды сатуға елімізде тыйым салынбаған. Заңгер Жанар Ержанованың айтуынша, бұған қатысты заң жоқ.

Бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып тұр. Біздің ел біржыныстылыққа қарсы. Бірақ, кітап дүкендерінде ондай туындыларды сатуға болмайды деген заң жоқ. Заңгер Жанар Ержанова

Мәдениет және спорт министрлігіне де хабарластық. Олар егер шағым түссе ғана, дүкенге әкімдік немесе құзырлы орган тексеріс жүргізе алатынын айтты. Ал, балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл арада ешқандай құқықбұзушылық жоқ екенін айтады. Себебі, кітап мұқабасында кәмелет жасқа толғандар ғана оқи алады деген таңба қойылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: