Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде болған шетелдік ұсталды

Халықаралық іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 17:40 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтап, ұстады. Ер адамға 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдіктің жеке басын анықтау және қажетті құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді. Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: