Жаңалықтар тізбегі
0

Қаралы қауым ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушіні ақтық сапарға шығарып салды

Асқар Забикулин, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 18:18 Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Көкшетауда 22 қарашада ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асқар туған жерінде, Казгородок ауылында жерленген. Сағат 12:00-де республика бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде өрт сөндіруші бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елорда көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, оның бюсті орнатылады.

18 қарашада оның отбасына үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

16 қарашада астаналық «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде 11-қабаттағы пәтер өртенді. Ішінде адамдар болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес адамды, оның ішінде бір баланы аман алып қалды. Сонымен қатар он адам эвакуацияланды. Оқиғадан кейін екі өрт сөндіруші ауруханаға жеткізілді.

Асқар Забикулин үшінші дәрежелі күйік алды. Асқар Забикулиннің достары айтқандай, оның денесін 80 пайыз күйік шалған. Дәрігерлер оны медициналық комаға жатқызды. Өртеніп жатқан пәтерге терезе арқылы кіру үшін ол жауынгерлік киімін шешіп, тек камуфляж және бетперде киіп, жанып жатқан бөлмелерді аралап өткен. Ішінен әжесі мен немересін тауып алып, өрттен алып шыққан. Содан кейін көрші пәтерден он жасар баланы құтқарып қалды.

20 қарашада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: