Ақмола облысында қос азаматтығы бар 3 мыңға жуық адам анықталды

Көші-қон Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қос азаматтық фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" ҚР Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және сонымен қатар шет мемлекеттің азаматтығын алған азамат күнтізбелік 30 күн ішінде бұл туралы ҚР Ішкі істер органдарына немесе ҚР шет елдердегі мекемелеріне хабар беруі міндетті. Одан бөлек, азаматқа Қазақстан Республикасыныңтөлқұжатын және (немесе) жеке куәлігін тапсыру қажет болады.

Жалпы, биылғы жылдың басынан бастап Ақмола облысының аумағындағы көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар 3 мыңға жуық адамға қатысты азаматтығынан айырылу фактісін тіркеді. Ақмола облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Мәселен, Қазақстан азаматтығынан айырылған адам ҚР азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігін пайдаланған жағдайда жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз