Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар ЖЭС-тегі қондырғыларды еуростандартқа сай жасақтау жоспарлануда – министр

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 23:58 Сурет: ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі
2 желтоқсанда Экология министрі Серікқали Брекешев, ірі өнеркәсіптік жылу-энергетика кешенінің, металлургияның және мұнай-химияның кәсіпорындары орналасқан Павлодар облысы жұртшылығы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр өз баяндамасында аймақтың негізгі экологиялық мәселелерін атап өтті: өнеркәсіптік орындарындағы атмосфералық ауаның ластануы, қалдықтарды басқару жүйесінің жеткіліксіздігі және ескірген кәріздік тазарту жүйесі. Экологиялық мониторинг нәтижелері Павлодарда ауаның ластану деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Сонымен бірге, Серікқали Аманғалиұлы экологиялық жағдайды жақсарту, "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы және өңірлік жол карталары аясында атқарылып жатқан іс-шаралардан хабардар етті.

Облыста 5 жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау шараларына жоспарланған 61 млрдтеңге орнына 73 млрд теңге инвестиция салынды.

Мысалы, 2020-2021 жылдары "Қазақстан Алюминийі" АҚ-да екі сүзгі қайта құрылды, бұл шаң шығарындыларын жылына 2,5 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.

Павлодарлық ЖЭС-те қалдықтарды шаңды еуропалық стандарттар деңгейіне жеткізе отырып, күл жинайтын барлық қондырғыларды қайта құру жоспарлануда.

Ақсу ферроқорытпа зауытында ферроқорытпа пештерін газ тазалауда 7 гильза ауыстырылып, нәтижесінде ауаға шығарындылар жылына 300 тоннаға қысқарды.

Одан бөлек, облыстың көптеген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында атмосфералық ауаны бақылаудың автоматтандырылған жүйелері енгізілуде.

"Жалпы, облыс кәсіпорындары қол жетімді үздік технологияларды енгізе бастағанын атап өткім келеді. Осылайша, ERG компаниясы сметалық құны 126,4 млрд теңгені құрайтын ең жақсы қолжетімді технологияларға көшумен 2030 жылға дейін кешенді экологиялық рұқсаттарды (КЭК) алды". Экология министрі Серікқали Брекешев

Ғарыштық мониторинг аясында 165 полигон анықталды, оның ішінде әкімдіктің мәліметінше, 93 пайызы кәдеге жаратылған. Әкімдікке заңсыз үйінділерді жою бойынша жұмысты күшейту және бұдан бөлек, коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеп, бекіту ұсынылды. Мәселен, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын 321 нысанның тек 5-і немесе 1,6 пайызы ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сай. Бұл бағытта министрлік бірқатар жүйелі шараларды қолға алуда.

Сонымен бірге, ТНК Қазхромның Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 594,6 мың тонна қож құрады.

Павлодарлық мұнай-химиялық зауытында қуаттылығы жылына 26,5 мың тонна мұнай шламын өңдейді, бұл мұнай шламының жылдық көлемінің 91%-ына сәйкес келеді.

Сонымен бірге Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы тозуы 85 пайызға жуық кәріз және тазарту құрылыстарының жай-күйі сөз болды, облыс әкімдігі жаңғырту және қайта құру бойынша тиісті шараларды қабылдауы қажет. Бұл ретте экологиялық төлемдерден түсетін қаражат есебінен қаржыландыру мәселесін қарастыру қажетілігі аталып өтті.

Былқылдақ су қоймасынан Ертіс өзенінің сынаппен ластануы жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр. Сынаппен ластанған судың Ертіс өзеніне өту қаупін жою мақсатында әкімдік Былқылдаққа дейін су өткізбейтін шымылдық салу жұмыстарын бастады. Жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сынапты ластаушы орталықтарды толық қалпына келтіру айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етеді. Сондықтан сынаппен ластанудың негізгі көздерін оқшаулау арқылы тәуекелдерді азайту жоспарлануда. Әкімдік тиісті техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуде.

"Геологиялық саланың дамуына қатысты Павлодар облысы еліміздің минералдық-шикізат кешенінде жетекші орындардың бірін алады. Павлодар облысында 5 жылдық кезеңде 10,2 мың шаршы метр аумақта жер қойнауын геологиялық зерттеу жоспарлануда. Бұл геологиялық барлаудың келесі кезеңдерін жүргізу және осы салаға инвестиция тарту перспективаларын бағалаумен геологиялық мазмұн карталарын жасауға мүмкіндік береді". Экология министрі Серікқали Брекешев

Су саласында – инфрақұрылымды жетілдіру, реконструкциялау және ирригациялық каналдарды цифрландыру бойынша министрлік қабылдаған шаралар көрсетілді. Су кодексінің жаңа жобасына сәйкес, қазіргі уақытта су ресурстарын басқару жүйесі жетілдіріліп келеді – су ресурстарын үнемдеу және ұтымды пайдалану мәселелерін шешу, экономика салаларының қажеттіліктері мен қоршаған орта арасындағы теңгерімділікті қамтамасыз ету.

Жергілікті тұрғындар орман және балық шаруашылығының дамыту шаралары туралы да хабардар болды.

Сөз соңында министр кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін Серікқали Брекешев БАҚ өкілдеріне арналған брифинг пен азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: