Ташкенттің 14 мың тұрғыны газсыз қалды

Өзбекстан Сурет: pixabay
Ауа температурасының күрт төмендеуіне және қардың қалың түсуіне байланысты табиғи газды тұтыну көлемі айтарлықтай артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ташкенттің 79 мың тұрғыны көгілдір отынның қысымы төмендеп, үйлерінің салқындап кеткенін жеткізді, ал 14 мың абонент газ беру желісінен уақытша ажыратылды, деп хабарлады Өзбекстанның Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство халықты және әлеуметтік нысандарды газбен қамтамасыз ету жұмысына "Худудгазтаъминот" АҚ 10 мыңнан астам қызметкерді тартқанын атап өтті. Олар "Бинокор" және "Бектемир" газ тарату станцияларында берілетін қысымды арттыру бойынша жұмыстарды атқарып жатыр.

Бұл шаралар Ташкенттің Чиланзар, Учтепин, Шайхантаур, Яккасарай, Мирабад және Сергелі аудандарында табиғи газ беру қызметін қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.

Көлікке газ құю бекеттері тек түнде жұмыс істейді. Халық пен әлеуметтік нысандардан басқа тұтынушыларға да шектеулер енгізілген.

"Барлық тұтынушыларды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында "Худудгазтаъминот" АҚ ел азаматтарынан табиғи газды үнемдеп пайдалануды және бірінші кезекте аса қажетті деген жағдайда ғана газды тұтынуды, ал үйден шыққанда жылыту аспабындағы температураны мүмкіндігінше төмендетуді сұраймыз". Өзбекстан Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз