Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада LRT діңгегіне соғылған КАМАЗ-дың желідегі видеосы қызу талқыланып жатыр

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 22:45 Сурет: Instagram/astana_sergek
Астанада КАМАЗ жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, LRT-ның тіреуіш діңгегіне барып соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 5 желтоқсанда сағат 12:20 шамасында орын алған. Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видео астына пікір қалдырғандардың кейбірі бұдан саяси астар іздеуге тырысып, талқы қыза түскен.

  • Ол (КАМАЗ) жемқорлықты жек көреді.

  • Сыбайлас жемқорлықтың символын жоюға ақыры біреудің дәті жетті-ау.

  • Бұл - жемқорлыққа жасалған соққы.

  • LRT утилизациясы.

Қалалық ПД бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"31 жастағы КАМАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесі жағынан Қабанбай батыр даңғылына қарай Сығанақ көшесімен келе жатқанда жол жабындысының ерекшелігін ескермей, рөлге ие бола алмай қалып, тіреуіш діңгекке соғылды. Тіреуіш бүлінген (бағана бүлінбеген)". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Елорданың полиция департаменті көлік жүргізушілерін көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: