Жаңалықтар тізбегі
0

ЕАДБ 2022 жылы қазақстандық жобаларға 1,2 млрд доллар инвестиция құйған

Смайылов ЕАДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2022 20:03 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі, Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) кеңесінің төрағасы Әлихан Смайылов қаржы ұйымының басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 2022 жылғы ЕАДБ жұмысының алдын ала қорытындылары және келесі жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Мәселен, биыл банк республикадағы жобаларға салынған инвестицияларды 1,2 млрд долларға дейін ұлғайтты, бұл былтырғы жоспардағы индикаторлары мен көрсеткіштерінен асып түсті. 2023 жылы ел экономикасының басым салаларына тағы 1,1 млрд доллар бағыттау жоспарланып отыр.

Әлихан Смайылов кооперациялық жобалар санын арттырудың маңызды екенін айтты.

"Осы қарқынды сақтап, жобалар пулын кеңейту қажет", - деді Премьер-министр.

Николай Подгузов 2026 жылға дейін Қазақстанда жобаларды іске асыруға кемінде 3,8 млрд доллар көзделгенін хабарлады.

"Келер жылы қаржыландыру кезінде логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, су ресурстарымен, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған жобаларға басымдық беріледі"ЕАДБ басшысы

Еуразиялық даму банкі – Еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы. ЕАДБ экономикалық байланыстарды кеңейтуге және ұйымға мүше елдер – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанның жан-жақты дамуына жәрдемдеседі. Банк портфеліндегі негізгі үлес көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, «жасыл» энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы ірі интеграциялық жобаларға тиесілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: