Жаңалықтар тізбегі
0

Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды

ҚР президентінің көмекшісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 09:04 Сурет: akorda.kz
9 желтоқсан күні мемлекет басшысының жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын" – ҚР президентінің ресми сайтында жарияланған жарлықта.

2022 жылғы 13 сәуірден бастап бұл қызметті Мемлекет басшысының басқа жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған Ернар Баспаев атқарып келді.

Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында туған.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетін бітірген (2000), заңгер.

Еңбек өтілі:

  • 2000 жылдан Қазақ мемлекеттік заң академиясы Қызылорда филиалының дәріскері;
  • 2001 жылдың тамызынан ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы;
  • 2001 жылдың желтоқсанынан Қызылорда облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы;
  • 2003 жылдан бас инспекторы, бөлім меңгерушісі;
  • 2005 жылдан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы;
  • 2007 жылдың мамырынан - "Kazakh Integrated Services" және "CNRG Capital" ЖШС заңгері;
  • 2008 жылдан Қызылорда облысы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары;
  • 2010 жылдан Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі;
  • 2016 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: