Маңғыстауда салықтық және кедендік тексерулер уақытша тоқтайды
Сурет: ru.depositphotos.com
Маңғыстау облысында төтенше жағдай режиміне байланысты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру аясында ақпан айына дейін бақылау шаралары уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Zakon.kz
Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары бастаған және ұйымдастыратын салықтық және кедендік тексеру, сонымен бірге тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтерді тексеру уақытша тоқтайды.
Сонымен бірге аталған мерзімге дейін мемлекеттік кірістер органдары және құқық қорғау органдары кәсіпкерлік субъектілердің арызы бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда жаңа тексерулерді тағайындамайды. 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жүргізуді, салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарламаларды жариялауды уақытша тоқтатты.Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаменті
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript