Жаңалықтар тізбегі
0

Байден мен Трамптың арасындағы теледебаттың уақыты белгілі болды

Байден мен Трамптың арасындағы теледебаттың уақыты белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2024 10:14 Сурет: pixabay
15 мамырда АҚШ президенті Джо Байден экс-президент Дональд Трампты теледебатқа шақырды. Ал экс-президент болса, қуана-қуана келісімін берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі президент қарсыласына бейне хабарлама жолдады.

"Дональд Трамп 2020 жылы менің дебатымнан екі рет жеңіліп қалды. Содан бері ол пікірталасқа қатысқан жоқ. Енді ол қазір қайтадан менімен сайысқа түскісі келетіндей әрекет етуде. Бұл менің күнім, досым. Мен бұл жолды екінші рет басып өтуге дайынмын. Күнді таңда, Дональд", - деді Байден.

Бұған жауап ретінде Тармп өзінің қарсыласын АҚШ тарихындағы ең нашар Президент деп атады.

"Мен екі раундтан артық ойнауды және сенімділік үшін сайысты үлкен аудиторияның алдында өткізуді ұсынар едім", – деп жауап берді Трамп.

Осылайша, Байден мен Трамп CNN-дің 27 маусымда пікірталас өткізуге шақыруын қабылдады. Пікірсайыстың екінші кезеңі 10 қыркүйекте ABC-де жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: