Жаңалықтар тізбегі
0

Үндістанда бірнеше ауданды су басты: жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталды

Үндістанда бірнеше ауданды су басты, эвакуация , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 12:27 Сурет: flickr/Anil Gulati
Үндістанда Ганг өзенінің арнасынан асуына байланысы жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

RT India басылымының х әлеуметтік желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, 26 қыркүйекте 10-нан астам адам қаза тапты, жүздегені эвакуацияланды. Мұнымен қоса, елдің шығысындағы Бихар штатында Ганг өзені арнасынан асты.

Қатарынан 10 күн жауған нөсер жауынның аяғы қарғын суға айналып, үйлерді су басып, жолдар шайылды. Сондай-ақ, шаруалардың жаз бойғы еңбегі зая кетті.

Штатта 300-ден астам қоғамдық ас үй бар. Олар зардап шеккендерге құрғақ рацион пакеттерін таратады.

Үндістанда бірнеше ауданды су басты: жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 12:27

Сурет: Х/the_hindu

Билік 600-ден астам мемлекеттік мектептерді жабуға және су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы университеттердегі емтихандарды кейінге қалдыруға бұйрық берді.

Бұған дейін Ұлыбританияда бірнеше қаланы су басқаны хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: