Конго Демократиялық Республикасының экс-президенті өлім жазасына кесілді

Конго Демократиялық Республикасының экс-президенті өлім жазасына кесілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 11:04 Сурет: Former Congolese President
Конго Демократиялық Республикасының (КДР) әскери соты бұрынғы президент Жозеф Кабиланы сырттай өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Al Jazeera мәліметінше, Кабила мемлекетке опасыздық, адамзатқа қарсы қылмыстар, кісі өлтіру, жыныстық зорлық-зомбылық, азаптау және бүлік ұйымдастыру сияқты бірқатар қылмыстар үшін сотталған.

Бұрынғы президент Руанда қолдайтын "23 наурыз қозғалысы" атты қылмыстық топтың бүлікшілерімен байланыста болып, соғыс қылмыстарын жасады деп танылды. Алайда Кабила өз кінәсін мойындамайды және тағылған айыптарды саяси астары бар деп есептейді.

Саясаткерге қатысты сот процесі сырттай форматта өтті.

Айта кетейік, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Конгоның қазіргі президенті – Феликс Чисекедиді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: