Арыста Д.Қонаевтың бюсті орнатылды

Сурет: Түркістан облысының ӨКҚ
Шараға Дияр Қонаев қатысты

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Арыс қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, зиялы қауым өкілдері және қайраткердің інісі Дияр Қонаев қатысты.

Жиында қала әкімі атпал азаматтың Арыс қаласына сіңірген еңбегіне тоқталды.

«Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1956 жылғы 31 шілдедегі Жарлығымен Арыс - қала мәртебесіне ие болғаны белгілі. Мінекей, тура 65 жыл бұрын осы Жарлықтың күшіне енуіне Дінмұхамед Ахметұлы айрықша ықпал еткені ақиқат. Біз бүгін ел игілігі үшін ерен еңбек еткен ерлердің есімін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында осындай салтанатты шарада бас қосып тұрмыз. Бұл біз үшін зор мәртебе», - деді Гүлжан Мамытқызы

Айта кетейік, ұлт мақтанышының бейнесі айшықталған мүсінді Арыс қаласының тумасы, Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев сыйға тартты. 

Тәуелсіздікке 30 жыл
Түркістан
Өмірзақ Шөкеев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді