Сүйінші: Үлкен және кіші Талдыкөл сақталатын болды

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
Үлкен және кіші Талдыкөлде экопарк ашылады. Бұл мақсатқа 1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл жоспар туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Әкімдіктегілердің айтуынша, үлкен және кіші Талдыкөлдің су балансын сақтай отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Кіші Талдыкөлдегі экопарк жобасы (Е-10 көшесі, «Зеленый квартал» ТК қарама-қарсы) су қоймасы абаттандырылады: су қоймасының бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тастан жасалған жағалау болады. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаждық жүйені ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделеді.Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Сонымен қатар, серуендеу үшін де арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау сақталады және флора мен фаунасы бар экоклимат үшін жағдай жасалады.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Талдыкөлдің өзінде (үлкен Талдыкөл) экологиялық инфрақұрылым болады. Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады