Екібастұзда зираттың бір бөлігін қызыл су басты

Сурет: Instagram/ardak_kantarbaev
Қала әкімі Ардақ Қаңтарбаев ескі зират төменгі нүктеде орналасқандықтан, барлық еріген қар суы зират аумағына жиналатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімнің айтуынша, наурыз айында аталған учаскеде су арнасын бұру жұмыстары жүргізілді.

ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі жер асты және еріген суларды ағызып жіберу үшін еңісі бар арық қазды, бұл артық суды учаскеден шығаруға мүмкіндік берді . Алайда, бұл ашық арық тек жер үсті суларын жинауды қамтамасыз етті. Қазір зираттың шетінде су басу байқалуда және тығыз жағдайларға байланысты ассенизатор машинасымен су соруға тура келеді, деп жазды Қаңтарбаев Instagram-да.

Әкім бүгін қосымша сорғы станциясы орнатылғанын нақтылады. Жұмыстар күн сайын жүргізіліп жатыр. Ата-аналар күніне қарай қар суы түгел жойылады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды

Шынар Ақпарова оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

"Басынан атқан". Қостанайда қызғаныштан ажырасып кеткен әйелін өлтірген ер адам сотталды