Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады

Беременность, живот беременной, беременная, беременные, рождаемость , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 10:26 Фото: unsplash
2026 жылғы 24 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық әйелдерге жүктілік пен босануға байланысты берілетін төлемдер туралы ақпараттық жадынама жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кімдер және қашан төлем алуға құқылы?

Әлеуметтік төлем жұмыс берушісі (ал жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындар өздері) әлеуметтік аударымдар жасаған жүйе қатысушыларына тағайындалады.

Төлем алуға негіз болатын құжат – жүктіліктің 30-аптасынан бастап берілетін уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (аурухана парағы).

Әйелдер әлеуметтік төлем тағайындау үшін осы құжат берілген күннен бастап 12 ай ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) жүгіне алады.

Төлем мөлшері қалай есептеледі?

Біржолғы төлем мөлшерін анықтау кезінде жүйе автоматты түрде екі негізгі көрсеткішті ескереді.

Болашақ ананың ресми табысы. Жүйе әйелдің декреттік демалысқа шыққанға дейінгі соңғы 12 айдағы әлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табысын есепке алады.

Бұл ретте ай сайынғы табыстың ең жоғары шегі белгіленген. Ол 7 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аспауы керек. 2026 жылы бұл сома 595 000 теңгені құрайды.

Декреттік демалыстың ұзақтығы. Аурухана парағындағы күндер санына қарай арнайы коэффициент қолданылады. Қалыпты босану кезінде (126 күн) ол 4,2-ні, ал босану асқынған немесе егіз және одан көп бала туған жағдайда (140 күн) 4,67-ні құрайды. Ядролық сынақтар жүргізілген аймақтарда тұратын әйелдер үшін жоғары коэффициенттер қарастырылған.

Егер босанғаннан кейін асқынулар туындаса, қосымша 14 күнге берілген аурухана парағы негізінде Қор төлем мөлшерін автоматты түрде қайта есептейді.

Жұмыс берушінің рөлі

Егер әйелдің нақты жалақысы әлеуметтік төлемді есептеу кезінде ескерілетін 7 ЕТЖ мөлшеріндегі шектен жоғары болса (2027 жылы ЕТЖ өсуіне байланысты бұл шек 770 000 теңгеге дейін ұлғаяды), айырмасын жұмыс беруші өтей алады.

Еңбек кодексі компанияларға еңбек немесе ұжымдық шартта қызметкердің орташа жалақысын толықтыру үшін қосымша төлем қарастыруға мүмкіндік береді.

Төлемді қалай рәсімдеуге болады?

Айта кетейік, табыс туралы анықтамаларды жинаудың қажеті жоқ. Еңбек өтілі мен әлеуметтік аударымдар туралы барлық мәлімет мемлекеттік дерекқорлардан алынады.

Электрондық аурухана парағы рәсімделгеннен кейін ақпараттық жүйе әйелдің төлем алуға құқығын автоматты түрде тексереді. Содан соң төлем тағайындау үшін болашақ анаға SMS-хабарлама жібереді.

Қажет болған жағдайда өтінішті eGov.kz порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн беруге немесе ХҚКО-ға жүгінуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: