Шымкентте сәуір айында 14 мың шаршы метр жол, 41 көше жөнделді

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте жолдарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жалғастығын табуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған жауапты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бірінші кезекте, магистральді көшелерді күтіп-ұстау жұмыстары орындалуда. Кешенді жоспар аясында ауа райының қолайлы сәттерінде ағымдағы жөндеу жүргізіліп, ой-шұңқырлар жамалған.

Бүгінгі таңға дейін мердігер мекемелер өз міндеттерін тиісті кестемен орындауда. Жалпы көлемі 14 000 шаршы шақырым көлемдегі жол жабыны қалпына келтірілді. Ол жұмыстар аяқталған соң, екінші кезекте, елдімекендердегі ішкі орам көшелерін ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Ол жұмыстар маусым айынан басталады деп жоспарлануда, – дейді басқарма басшысы Ержан Жолдасов.

Жөнделіп жатқан магистральді көшелердің жалпы саны – 41. Оның ішінде ең көбі қаланың орталық ауданы саналатын Әл-Фараби ауданында орналасқан – 19 көше. Бұған қоса Абай ауданы бойынша – 9 көше, Еңбекші ауданында – 8, ал Қаратау ауданында 5 көше жөнделді.

Жауапты мамандардың айтуынша, қаладағы жолдарды күтіп-ұстау мақсатында ағымдағы жөндеумен қатар күрделі жөндеу жұмыстары да жалғасады.

Сурет: Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды