Жалпы дерек бойынша Алматы облысында 1 392 237 сайлаушы бар. Олар 1053 сайлау учаскесінде дауыс береді деп күтіледі. Ал аймақтағы сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің дерегінше, референдумға 1074 комиссия тартылған, оның ішінде 21 комиссия аумақтық және 1053 комиссия учаскелік мәртебеге ие. Қазіргі сәтте оларда барлығы 7636 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетуде. Референдум учаскелерінде бақылаушылар да өз міндетерін атқарып жатыр, әзірге облыс аумағында заң бұзу дерегі тіркелген жоқ.