Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 13:48 Фото: akorda.kz
Президент жарлығымен Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жұмысшы мамандық иелерінің елдің өркендеуіне қосып жүрген үлесін атап өтті. Оның айтуынша, Дидар Телжанұлының еңбегі "Таза Қазақстан" тұжырымдамасымен тығыз байланысты.

"Көшелеріміз таза болмаса, әрбір жерде ағаш пен гүлдер көп егілмесе, азаматтарымыз табиғатқа қамқор болмаса, еліміз де жасампаз болмайды", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық жасау мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, "Астана орманы" ұйымында еңбек етіп жүрген Аманжол Төкенұлы Үйсінбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: