Маңғыстау облысында 12 құрылыс мекемесінің қызметі тоқтатылды

Маңғыстау облысының прокуратурасы құрылыс саласында лицензия берудің заңдылығына талдау жүргізді. Оның барысында 12 құрылыс мекемесі заңсыз рұқсат алғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оларды алу үшін құрылыс салушылар бір меншік иелерінен жалға алынған өндірістік базаларды пайдаланғаны, сонымен қатар өтінімдерде бірдей инженерлік-техникалық қызметкерлерді жариялағаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде 12 мекеменің барлығы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін компаниялардың қызметі тоқтатылды.
Бұған дейін мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы мал жаюға пайдалануға берілгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript