Алматы облысында кәсіпкерлерді заңсыз әкімшілік жауапқа тарту тоқтатылды

Алматы облысында кәсіпкерлерді заңсыз әкімшілік жауапқа тарту тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 21:48 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының прокуратурасы жер қатынастары мен құрылыс саласында кәсіпкерлерді заңсыз әкімшілік жауапқа тарту тәжірибесінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

2025 жылы сот актілерін талдау нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 55 апелляциялық өтініш қанағаттандырылған.

Тексеру барысында анықталғандай, бірқатар жағдайларда кәсіпкерлер өздеріне меншік құқығымен тиесілі жер учаскелерінде объектілер салғанына қарамастан "заңсыз құрылыс" деген негізбен әкімшілік жауапқа тартылған.

Прокуратураның уақтылы араласуының нәтижесінде көрсетілген заң бұзушылықтар апелляциялық тәртіппен жойылып, 9 кәсіпкердің құқықтары толық қалпына келтірілген.

Қазіргі уақытта жер қатынастары мен құрылыс саласында заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: