Алматы облысында әкімдіктер жерді заңсыз бөлгені анықталды
Сурет: gov.kz
Алматы облысының прокуратурасы жер қатынастары саласында жүргізген кешенді талдау нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдерін пайдалану арқылы заң бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Қарасай ауданында жалпы ауданы 5 га болатын ауыл шаруашылығына арналған жерлердің нысаналы мақсатының әкімдіктің жалған шешімдерінің негізінде заңсыз өзгертілгені белгілі болды. Кейіннен аталған жер 83 жеке жер учаскесіне бөлінген.
"Прокуратураның талабымен Қарасай аудандық сотының шешімімен жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдері заңсыз деп танылып, күші жойылып, нәтижесінде мемлекеттің мүддесі қорғалды". Алматы облысының прокуратурасы
Осыған ұқсас жағдай Іле ауданында да анықталып, онда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы әкімнің шешімі жалған болып шыққан.
Прокурорлық қадағалау шараларының негізінде соттың шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Аталған фактілер бойынша прокуратураның үйлестіруімен полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігінде (жалған құжаттарды жасау және өткізу) көзделген құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді.
"Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді, – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript