Қазақстанның табиғи байлықтары заңсыз шетелге шығарылған: мемлекет 2 млрд теңгеден астам шығынға ұшырады

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 10:04 Фото: pexels
Қарағанды облысының прокуратурасы Қазақстанның табиғи байлықтарын ұзақ жылдар бойы заңсыз шығару фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, облыстың бір кәсіпорны төрт жыл бойы лицензиясыз темір рудаларын заңсыз өндірумен айналысып, оны шетелге шығарған.

"Нәтижесінде мемлекетке 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі 2026 жылғы 3 ақпанда.

Сонымен қатар, күдіктілер қатарынан үш адам қамауға алынған.

"500 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленді. Қылмыстық іс сотқа жолданды", – делінген Қарағанды облысының прокуратурасының хабарламасында.

Еске салсақ, 2026 жылғы 22 қаңтарда Қаржы мониторингі агенттігінде (ҚМА) елдің шығысында орналасқан "Глинковское" кен орнында заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған еді. Сол кезде белгілі болғандай, қазақстандық азамат миллиардтық көлемде руда заңсыз өндіріп, Range Rover автокөлігін, бизнес-орталықты және пәтерді сатып алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: