Маңғыстауда жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы талқыланды

Бүгін, 19 шілдеде Маңғыстау облысында "Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі" РҚБ кеңесінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, "Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі" РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының хатшылары, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары қатысты, делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Көшпелі отырыста «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы талқыланып, референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штаб жұмысының қорытындысы тыңдалды.

Басқосуда сөз алған аймақ басшысы аталған заң жобасының халық үшін маңыздылығына тоқталып, референдумға жергілікті тұрғындардың белсене қатысқанын айтып өтті.

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында саяси жүйе мен әкімшілік-аумақтық құрылымды өзгерту бойынша нақты міндеттер қойылды. Осыған орай өңірлердің дербестігін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң әзірленуде. Басты міндет - жергілікті өзін - өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту және жергілікті атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысының тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шараға қатысушылар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасап, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: